Байқаудың мақсаты – хореографиялық өнерді халық билері арқылы насихаттау, Қазақстан халықтарының мәдени мұраларын дамыту және сақтау, халықтардың дәстүрлі мәдениетін жаңғырту, үздік бишілерді анықтап, өнерлерін жетілдіру және өнерлеріндамуына жағдай жасау. Байқауда әр түрлі мамандық студенттері өздерінің бақтарын сынады.
Байқаудың бірінші бөлімінде үміткерлер өз еріктерімен таңдаған биді орындаса, 11 наурызда өтетін екінші бөлімінде қатысушылар Қазақстанда тұрып жатқан өзге халықтардың билерін орындап, өнерлерін ортаға салады.
Үміткерлердің ішіндегі екінші кезеңге 1а КДО тобының студенті Утегалиева Нурсила, 1а КШФ тобының студенті кишаубаев Амир, Жасталап Ерназар, 2ас МК тобының студенті Борисова Камшат, 1а КШИ тобының студенті Лесбаева Айдана, 1а КШК тобының студенті Қалекес Ақерке өтті.
Келесі кезеңге өткен студенттерге сәттілік тілейміз!