19 ақпан күні «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасы Бәйтерек ауданының Асан, Көшім, Переметный ЖОББ мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмысынжүргізді. Шараны кафедра меңгерушісі А.С.Бекбулатова алғы сөзбен ашты. Мектеп бітіретін 9-11 сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық.
Бұл әрине үлкен өмірге қадам басардағы ең жауапты сәттердің бірі. Себебі осы бағыт бағдар адам ғұмырының алдағы болашағына өз әсерін тигізеді. Дұрыс жол тапсаң дүниеге пайдасы бар кірпіш ретінде қаланудың мүмкіндіктеріне қол жеткізесің.Кафедра оқытушысы Н.Н. Заруцкаяталапкерлерге арналған «Zhahansha book» ақпараттық нұсқаулықпен таныстырып, колледжде білім алуға қандай мүмкіндіктер бар екенін атап өтті. А.Е.Кунуспаева колледжде дайындалатын мамандықтармен, емтихан түрлеріне тоқталды. Онлайн шарағааудан мектерінің 30 –ден астам оқушылары қатысып, ақпарат алды.