ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ

    ИМЕНИ Ж. ДОСМУХАМЕДОВА

    «Музыкалық пәндерді оқытуда заманауи технологияларды қолдану» тақырыбында онлайн семинар

    2021 жылдың 22 ақпан күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі «Музыкалық  білім беру» кафедрасының ұйымдастыруымен Шыңғырлау ауданы балалар музыка мектебі оқытушыларына арналған «Музыкалық пәндерді оқытуда заманауи технологияларды қолдану» тақырыбында zoom қосымшасы арқылы онлайн семинар өткізілді.

    Семинар мақсаты- музыка мектептері оқытушыларына сабақ  беруде заманауи жаңа   технологияларды  тиімді пайдалану әдістері мен жолдарын көрсету; өзара тәжірибе алмасу.  Семинар барысында Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары  М.С.Мукашев, кафедра меңгерушісі Ж.А.Нургалиева  алғы сөз арнап, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі. Кафедраның жоғарғы санатты оқытушылары қашықтан оқыту аясында вокал, домбыра сабақтарына оқушылардың қызығушылығын арттыру, әртүрлі  компьютерлік бағдарламаларды музыка сабақтарында  тиімді пайдалану жолдарын көрсетіп, өз тәжірибелерімен  бөлісті.  Атап айтатын болсақ, жоғары санатты оқытушы  Б.Н.Бакимов «Sibelius ноталық редакторы», Б.М.Маликова, М.Т. Габбасова «Домбыра сабағын өткізуде оқытушының ұйымдастыру жұмысы», В.А.Кожевников «Программы PhotoScore и MuseScore для распознания и написания нотного текста», Р.Ж.Куаншалиева «Вокалдық ән айту дағдыларын жетілдірудің кейбір әдіс-тәсілдері», Ескайров Қ.А. «Bandicam бағдарламасымен бейнесабақ түсіру». Семинар соңында  кафедра оқытушылары Абайдың «Торы жорғасын» орындап, тыңдармандарды тәнті етті. Бір жарым сағатқа созылған семинар барысында тыңдаушылар өз сұрақтарына жауап алып, алғыстарын білдіріп және колледж ұжымына шығармашылық табыстар тіледі.