21.01- 16.02 арылығында бірінші курс студенттерінің ортаға тез бейімдеуіне, топтың бірлігін нығайту, топта жұмыс атқару қабілеттерін шыңдау, бір-біріне деген сенімдерін арттыру және жағымды психологиялық атмосфера қалыптастыру, орнатуға мақсатында тренингтер өткізілуде.
Тренинг мақсатына сай студенттер топтық жұмыс бағыттарымен танысып, ұжымға бейімделу жолдары талқыланды. Студенттер тренинг барысында өздерін жоғары деңгейде көрсетіп, белсенділік және нағыз командалық рухты көтере білді. Тренинг танысу жаттығуымен басталды, студенттердің ортақ қызығушылықтары анықталып, ортада туындауы мүмкін жанжалды болдырмау мақсатында логикалық жаттығулар өткізіліп, бірнеше кеңестер берілді. Тренингтің қорытынды бөлімінде «жедел саты» әдісі арқылы кері байланыс алынып, студенттер жағымды ойларымен бөлісті.