Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2020-2021 оқу жылындағы кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес 11 ақпан күні Орал қаласының №3,6,7,17 ЖОББ мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына ZOOM платформасында кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.
Бұл шара жоспарында музыка кафедрасының жетекшісі Ж.А.Нургалиева педагог мамандығының мәртебесі жөнінде алғы сөз сөйлеп, колледж базасына бейне экскурсия жүргізді. Одан әрі Н.Н.Заруцкая талапкерлерге арналған Zhahansha book ақпараттық нұсқаулығымен таныстырды. Н.М.Нурушева колледжде дайындалатын мамандықтармен, оған түсу үшін тапсыратын емтихан түрлерімен таныстырып, талапкер тапсыратын құжаттар туралы ақпарат берді. А.К.Джумагазиева қатысушылармен қызықты тренингтер жүргізіп, 1 курс студенттері Иргазиева Гулназ, Алканова Анна, Повытчеков Артем өздерінің мамандығы туралы баяндап, музыкалық сәлемдерін жолдады. Мектеп оқушылары өз ойларын, сұрақтарынчатқа жазып, оған жауап алды.