14 - желтоқсан күні Студенттер үйінде, тәрбиешілердің ұйымдастыруымен 16-желтоқсан Еліміздің Тәуелсіздігіне арналған “Тәуелсіздік деп соғады жүрегім!” атты мерекелік кеш өтті. Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қолжеткізу жолына талай боздақтармыздың жалған айыппен құрбан болғандарын көрермендерге жеке ұғындыру, студенттердің дүние танымын кеңейту. Мерекелік кеште тұрғандар патриоттық әндер, патриоттық флешмоб, жеке шығармашылық өлеңдерін арнады.