Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде ағымдағы жылдың 10-шы желтоқсан күні «БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУДЫ ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ»тақырыбындағы Цифрлық даму мектебінің ІІ шақырылымы өткізілді.
Шақырылым екі бөлімде өтті:
- нұсқаулық таныстырылымы;
- практикалық вебинар.
Нұсқаулық таныстырылымы барысында директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары, п.ғ.магистрі С.Кенжегалиева білім алушылардың үлгеріміне аралық бақылауды өткізу, емтихан түрлері мен форматтарын баяндады.
Практикалық вебинарда директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары З.Мұхтар пән оқытушыларына арналған қашықтан оқыту жағдайындаZOOM сервисінде онлайн ауызша (билет), жазбаша (диктант,мазмұндама)емтихандарын өткізу туралы,директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары, п.ғ.магистрі А.Бижанов«CollegeSmartNation» платформасында офлайн ауызша (билет),автоматтандырылған тестілеу емтихандарын құру туралы практикалық оқытуларын жүргізді.