ТжКБ ұйымдарының үздік студенттерін анықтау, марапаттау және жетілдіру мақсатында 05 қыркүйек-20 қазан аралығында «ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» жобасы ұйымдастырылды. Бұл жобаға республикадағы барлық колледждің үздік студенттері қатысып, жобаның ережесіне сәйкес 3 кезеңнен бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы жоба аясында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде ішкі езең, яғни колледжішілік кезеңінен үздік деп танылған 3 студенттіміз (Қасым Алина, Орынбасар Береке, Орынбасаров Ермахан) аймақтық кезеңге жолданды.
3 студентте аймақтық кезеңде өздерінің презентациялары, белсенді қызметін бейнелейтін видеомариалы, өзі және жастарды не колледжді, аймақты немесе елді дамыту үшін дайындаған өз жобалары жоғары бағаланып, республикалық кезеңге қатысуға мүмкіндік алды. Жалпы жобаға 338 студент қатысты. Колледжіміздің үздік студенті, оқу озаты, белсенді топ басшы Қасым Алина Азаматқызы Жаһанша колледжі, Батыс Қазақстан облысы колледж студенттерінің үздік екендігін дәлелдеп, Республиканың 100 студентінің ішінде 2770 дауыспен суырылып шығып, 10 үздік студент қатарына кірді. «Қазақстан Республикасы колледждерінің Топ 100 студенті» республикалық жобасының қорытындысы бойынша 27 қараша күні ҚР Білім және ғылым вице министрі Карина Шолпан Танатовна тікелей эфир арқылы жобаға қатысқан студенттерді марапаттау рәсімін өткізді. Бұл рәсімде жобаның меценаттары қатысқан студенттерге алғыс айтылып, қатысушыларға сөз берілді. Тікелей эфирден соң министр дипломмен марапаттау әр аймақ басшыларына табысталды. Колледж қабырғасында БҚО білім басқарамасының басшысы А.А.Мыңбаева жеңімпаз Қасым Алинаны министрдің дипломымен,100000 теңге сыйақысын табыстап, БҚО білім басқарамасының атынан алғыс хат және сыйақымен марапаттады. Қалған қатысушы 5 студентке қатысқанын растайтын сертификаттар берілді. Колледж директоры С.М.Бахишева студентімізге Орал қаласындағы №50 жалпы білім беретін мектепке жолдама беріп, алғысын білдірді.