Алғыс айту – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзімде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Президент Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын. Осы мақсатта 28.02.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Ынтымақ» волонтерлар клубының белсенді мүшелері өз қолдарынан плакаттарға жазылған тілек тақтасын мекемелерге табыс етті. Атап айтқанда, жас ұрпақты білім беру мен тәрбиелеуде екінші үйі болған колледж ұжымына, дертіне шипа табар №3 қалалық ауруханаға, студенттердің барлық қажеттіліктері табылар «Нұр» дүкеніне, сондай-ақ облыстық білім басқармасына ұсынып, жүрекжарды тілектерін білдірді.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова