02.11.2020 күні студенттер үйінің тұрғындарына өмірлерін дұрыс бағдарлау, “қайырымдылық”, “қамқорлық”, “жақсылық” құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында «Менің жарқын болашағым» тақырыбында колледж психологы Назерке Хамитқызы онлайн тренинг өткізді. Тренинг барысында студенттерге тақырыпқа сай жаттығулар мен бейнеролик ұсынылып, студенттер өз ойларын ортаға салды.
Студенттер үйінің тұрғындары рефлексия бөлімінде алған әсерлерімен, көңіл күйлерімен бөлісіп тренинг қорытындыланды.