26.02.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 1пКШИ, 1пКШО, 1аКДО, 1аКШИ, 1пкКШО, 2пКШО топтарына әлеуметтік педагог А.Мухсинова «Терроризмнің алдын-алу» бағытында түсіндіру жұмысын жүргізді.
Студенттерге арнайы әзірленген жадынама бойынша терроризмнің өзекті мәселелерін көтеріп, студенттерді күдікті адамдар мен заттардан мұқият болуға шақырды. Сонымен қатар терроризмнің шығуы мен салдарын, онымен қалай күресу әдістері жайлы айтылып, діни сипаттағы материалдарды тарату мен терроризм жайлы жалған хабар үшін заң тарапынан жауапкершілік бар екені түсіндірілді.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова