Күн әдемі, көк әлемі,
Бұл суреті жас баланың.
Ақ қағазға салған өзі,
Жазылған бар бір сөзі!
Бұл өлең жолдары бізді қайтарылмас балалық шағымызға жақындататындай. Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Ынтымақ» еріктілер тобы мәдени ағарту бірлестігі "Алау" балалар аула клубымен бірлесе отырып "Шапағат" арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне «Мейірімге толы жүрекпен!» қайырымдылық концертін ұйымдастырды. Ата-анамен ұстаздардың тәрбие беру үрдісіне үлес қосу, балаларға шаттыққа толы сәттер сыйлау қолымыздан келсе неге жасамасқа?! Түрлі ән - бимен концерттік бағдарламаны қыздыра білген жастар, орталықтың тәрбиеленушілеріне балаларға арналған мултьфильм кейіпкерлерінің рөлінде кешімізге еніп қайырымдылық шараны одан әрі әдемі естеліктерге толықтыра түсті. Барлық қолдау білдірген жандарға алғыс білдіреміз! Баршаңызды қайырымдылыққа шақырамыз! Ал бүлдіршіндерге тілейтініміз «Қасыңызда анаңыз болсын! Сізде аман болыңыз!». #zhahansha_zhastary