Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Қайырымдылық» айлығына арналған шаралар жалғасын табуда. Соның бірі – «Ынтымақ» волонтерлар ұйымы тарапынан қаламыздың жалғызбасты қариясы Пигарева Ольга Александровнаға көрсетілген көмек.
Есік алдына қаптаған шөп, аулаға жиналған қоқыстар кейуанаға жүріп тұруға қиындық туғызып жүр екен. Халқымыз қашанда ақсақалын ардақтап, үлкен іс бастарда сол кісілерден бата алған. Міне, біздің де негізгі мақсатымыз – үлкендерге құрмет көрсету.
#zhahansha_zhastary