Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 1 курс студенттеріне салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Облыстық ЖИТС-ке қарсы және оның алдын-алу» орталығының маманы Гүлнәр Кимқызы Умбетовамен кездесті. Кездесу барысында зиянды әдеттердің алдын-алу, ЖИТС/АИТВ-дың таралу жолдары мен профилактикалық шаралар туралы кеңінен түсіндірді. Өз кезегінде студенттер тақырыпқа байланысты көкейкесті сұрақтарымен бөлісті.