26.09.2020 Қуаныштымыз! Біздің педагогикалық колледждің дәл алдындағы саябақта Жұбан Молдағалиевтың тастұғыры ашылып жатыр! Алматыдан София апай, Асанәлі абыз бастаған қонақтар бар. Ел азаматтарына, өңір басшылығына үлкен алғыс! Сағынтай ағам төгіп өткен:
...Қонақсыман, астаналық ақын боп
Бұл өлкеде бас ұстауға қақым жоқ!
Құлақ берсе болды біздің бала деп,
Артық кеткен еңбегім жоқ, ақым жоқ!
деп жырлаған Жұбан атамыздың жүз жылдығы құтты болсын! Жұбандай Жайықты сүю (бұл жерде өзен туралы емес қой тек) арқылы ұлтжандылық, Отаншылдық, мемлекетшілдік - бәрімізге ПАРЫЗ ғой деп түйдім. "Мен -қазақпын" деген сөз өлең жолдары ғана емес екенін де ұғынсақ екен...