24.09.2020 қазіргі білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан оқыту түрлерімен қатар қашықтан оқыту түсінігі пайда болды. Осы оқыту түрі өзінің шынайы мағынасына әлемдік ғаламтор желісінің іске қосылуымен ие болды десек артық болмас. Қазіргі таңда білім беру саласында интернет желісі арқылы оқуға сұраныс күн сайын артып келеді. Қашықтан оқыту – білім берудің ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылатын арнайы түрі екені белгілі.
Әдеттегі өзіміз үйренген күндізгі немесе сырттай оқу түрінен айырмашылығы және артықшылықтары өте көп бұл оқу түрі – білім беруші мен алушының өзара қарым-қатынасының, оқу құралдары мен әдістемелердің және оқытуды ұйымдастырудың өзгешелігімен ерекшеленеді. Колледжімізде де биылғы оқу жылын карантиндік жағдайға байланысты қашықтан бастаған болатынбыз. Қашықтықтан оқытудың əсерлі болуы білім алушылармен, оларды оқытатын оқытушыға тікелей байланысты. Бұл оқытушының қазіргі заманғы ақпараттық жəне педагогикалық технологияны меңгерген, білім алушылармен бірге желідегі жаңа оқу-танымдық ортада жұмыс істеуге писхологиялық тұрғыдан дайын болуын, желідегі студентті ақпаратпен қамтамасыз ететін инфрақұрылымды талап етеді. Осы мақсатта колледж күнделікті сабақ кестесі бойынша онлайн сабақты кестесін жасақтаған болатын. Осы мақсатта бүгін күндізгі бөлім «Бастауыш білім беру» мамандығының 1 курс 1сКШО-9 топ студенттеріне «Өзін-өзі тану» пәнінен алғашқы онлайн сабағымды өткізген болатынмын. Көгілдір экранның арғы жағынан болсада студенттерімізді көріп, амандасып мәз-мейрам болдық. Жаңа сабақты талқылап, білім алушылардың жекеленген шығармашылығын көрсетуіне жəне дамытуына, білімді меңгеруі үшін барынша қолайлы жағдай жасауға тырыстым. Өз кезегінде де студенттер жаңа тақырыпқа байланысты қызықты сұрақтарымен, ой пікірлерімен бөлісті.