18.09.2020 колледжімізде ата-аналар жиналысы ашық сұрақ түрінде өтті. Колледж директоры Светлана Мендыгалиевна ата-аналарға колледждің қашықтан оқыту жағдайындағы оқу-тәрбие үрдісі жөнінде түсінік беріп, жиналысты ұйымдастырудағы мақсат- ата-аналардың колледж әкімшілігімен тікелей байланысқа шығу арқылы студенттердің оқу-тәрбие үрдісі және әлеуметтік мәселелері бойынша сұрақтарына жауап беру екенін жеткізді.
Сонымен қатар, қашықтан оқытудағы Smart nation платформасы, Microsoft teams білім беру қосымшасының мүмкіндіктерімен ерекшеліктері туралы түсіндіріп өтті. Әр ата-ана мәселесі бойынша директордың орынбасарлары сөз алып, толық ақпараттар берді. Қатысқан ата-аналар көкейіндегі мазалап жүрген сұрақтарына жауап алып, ризашылықтарын білдірді.