Ғалымдар «Алғыс айту» күнін тарих ақтаңдақтарын ашу үшін аса қажет шара деп, ал ұстаздар қауымы жастардың бойына адамгершілік, қайырымдылық, туған жерді сүю, еліңнің ізгі қасиеттерін біліп, бағалау қасиеттерін сіңіретін мереке деп бағалады.
1 наурыз Алғыс айту мерекесінде бір-бірімізді қуанышқа бөлеп ерекше күнде Жаһаншалықтар колледж тазалығының себепкерлеріне құрмет көрсетті. Биылғы оқу жылында да колледжіміздің директоры С.М.Бахишеваның бастауымен, Студенттік өзін-өзі басқару мүшелерінің ұйымдастыруымен “Алғысымыз шексіз” атты мерекелік концерт арқылы студенттер бар жылы лебіздерін білдіріп, үлкенге деген сыйластықпен зор құрметтерін көрсетті.Студеттер белсенділік танытып, өз өнерлерін ортаға салды, бірі ән айтып, енді бірі би-билеп тазалық жанашырларының ризашылықтарына ие болды. Студенттік өзін-өзі басқару мүшелері, дәстүрлі түрде келесі оқу жылында да өз жалғасын табатынына сенімдері мол.