Ақпан айының 21-і колледжімізде «Мамандық таңдау-ертеңіңді ойлау» тақырыбында қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен кәсіби бағдар беру бағыты бойынша қаламыздың №19,20,22,37,44 мектептерінің 9-11 сынып оқушылары мен жетекші ұстаздарына 2020-2021 оқу жылындағы қабылданатын мамандықтар туралы мағлұмат берілді. Шараға 79 оқушы, мектеп мұғалімдері және колледж оқытушылары қатысты.
Сонымен қатар колледждің «Рухани мұра», «Шығармашылық галерия», «STEAM» кабинеттеріне саяхат жасалып, сапалы педагогтар дайындайтын қасиетті қара шаңырақ Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждің тарихымен таныстырды.
Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік – жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болып, студенттердің ақпараттық құзыреттіліктері жоғарлай түсер еді деген ойдамыз.