Ж.Досмұхамедов атыңдағы жоғары педагогикалық колледжінің Математика, информатика кафедрасының «Цифрландыру жағдайында оқу мен оқытуды ұйымдастыру» атты онкүндігінің аясында 2020 жылдың 13 ақпан күні сағат 14:00-дестуденттермен жас ғылымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты облыстық ғылыми конференциясы өтті.
Конференцияның негізгі мақсаты мен міндеттері:
1) студенттермен жас ғалымдардың ғылыми ізденістерінжәне оқу–танымдық іс-әрекетін ынталандыру;
2) студенттермен жас ғалымдардың қазіргі ғылым мәселелерін шешуге тарту;
3) студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашып дамыту және талантты, әрі дарынды студенттерге қолдау көрсету;
Конференция 4 секция бойынша жұмыс істеді.
Конференцияға Батыс Қазақстан Жоғары медециналық колледжі, Жоғары аграрлық-техникалық колледжі, Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі, Құрманғазы атындағы саз колледжі, Орал гуманитарлық-техникалық колледжі, Орал Сервис технологиялық колледжі, Тасқала колледжі және Ж.Досмұхамедов атыңдағы жоғары педагогикалық колледжі студенттерінен барлығы 64 баяндамашы қатысты.
Әр секция бойынша студенттер баяндамаларын оқып, сұрақтарға жауап беріп, ойларымен бөлісті.
Конференция соңында секциялар бойынша студенттерге сертификаттар табысталды.