12.02.2020 күні тәрбиеші А.Нугманова студенттер үйінің тұрғындарымен «Үлкенге құрмет» кішіге жол көрсет!» тақырыбында баяндама оқыды. Мақсаты студенттерді жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуды үйрету. Өзара сыйластық қарым-қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіріп, жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту, жақсылыққа, имандылыққа, адамгершілікке, шыншылдыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.