Тәу етер Тәуелсіздігі қарсаңында Қазақ жазуының тарихы мен латын әліпбиі емлесін оқыту кабинетін Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық салтанатты түрде ашылды. Себебі бізге Тәуелсіздік не берді десек, ғалым Мұхтар Арын айтқандай ұлттың тірегі бес нәрсені анықтауға , оны санада қайта жаңғыртуға мүмкіндік берді. Ол: тіл, атамекен, дәстүр, діл, дін. Ең бастысы осы бесеуіне тұғыр болып тұрған - ана тіліміз.
Кез келген ұлттың әдеби тілінің басты көрсеткіші жазуы болып табылады. Олай болса түбі бір түркі жұртының, Мағжан жырлағандай, қарашаңырағы болған қазақтың сан ғасырлық тарихында тұңғыш әріптік жазуы болған. Жер жүзіндегі ешбір халықтың жазу-сызуы болмаған заманда тарихын тасқа қашап:«Бастыны идірдік, тезеліні бүктірдік, ел мен жұрт үшін күндізотырмай, түнде ұйықтамай, чығай халықты бай қылдым» деп бедізшілерге тасқа шекітіп жаздырған. Осы бабалар салған сара жол, бабалардың арман-мақсатымен келген Тәуелсіздікті баянды ету үшін әркімде әркез өткенге ойлы көзбен көз жүгіртуі қажет. Осы орайда өскелең ұрпақ жадында қазақ ұлты қандай жазуларды қолданғаныннақты көз алдында көрсету мақсатында №3 кабинет коледж директоры Светлана Меңдіғалиқызының басшылығымен қайта жабдықталды. Себебі жазуды өзгертуге байланысты латын негізді әліпбиге көшуге орай түрлі түсінбеушілік туындап отыр. Ол латын тілі мен латын жазуының аражігін айыра алмау.
Бұл кабинеттегі қабырға материалдары сан ғасыр бұрын жазу мәдениеті болған еңселі ел, қуатты қағанат болғанымыз ды дәлелдеу үшінжәне жазудың тарихын зерделеу мен игі істі жалғастыру болашақ мамандардың міндеті екенін танытуға қызмет етеді.