«Тәрбие басы – тал бесіктен» дейді халық даналығы. Әсіресе, «қыз балаға қырық үйден тыйым салып», оның жүріс-тұрысы мен араласатын ортасын жіті бақылап отырған абзал.Біздің ата-бабамыз келешек ұрпағының тазалығын қыздың тәрбиесінен бастаған. Осындай дәстүрдің бәрін жоққа шығарып, демократияны желеу етіп, өркениеттілік осы екен деп, бетімен кету – ол біздің ата дәстүрімізге, жалпы ұрпағымызды тәрбиелеп-өсіруге кері әсерін тигізеді.
Осы мақсатта 21.11.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде ДӘІЖО Қ.Х.Мажитов, әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова, колледж медбикесі А.Джумагазиеваны ұйымдастыруымен 05 қараша 05 желтоқсан ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жоспары аясында «Мен жарқын өмірді қалаймын» атты тақырыпта №3 емхананың гинеколог дәрігері Гульнара Газизовнамен 1аФК-9, 1аСП-9, 1аКШИ-9, 1аКДО-9 топтарымен кездесу ұйымдастырып өткізілді. Шара барысында гинеколог дәрігер Гульнара Газизовна қыз балалар арасында ерте жүктіліктің, зиянды әдеттердің, нашақорлықтың, жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы аурулардың алдын-алу бойынша профилактикалық жұмыстар туралы кеңінен түсіндіріліп өтті. Кездесу соңында студенттер көкейкесті сұрақтарымен бөлісті.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова