Дін мен дәсүр бірлігі – ұлт болашағының кепілі. Дін – өте ықпалды күш. Ол өзіне сенетіндерді де, сенбейтіндерді де өз ықпалында ұстайтын қабілетке ие. Бұл күш кедергі, тиым, шектеу таңдамайды. Дін – ішкі саясаттағы және қоғам азаматтарының рухани өмірі мен мідениетіндегі аса маңызды факторлардың бірі. Мемлекетімізде қалыптасып отырған діни қауымдастықтардың ошақтары пайда болып, деструктивті діни сенімдердің өсу қарқынына жасалған талдау өскелең ұрпақтың дінге деген қызығушылығының арта түскендігін аңғартады.
Соған байланысты 21.11.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде ДӘІЖО Қ.Х.Мажитов, әлеуметтік педагог А.К.Мухсинованың ұйымдастыруымен Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, «Қоғамдық процестерді талдау және зерттеу орталығы» қоғамдық қорының атқарушы директоры, дінтанушы Вагизовна Толғанай Мұстафинамен 1сКДО-9, 1аСП-9, 1аФК-9 тобына «Жат ағымдардан сақтан» атты тақырыпта кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Аталмыш тақырыпта дінтанушы маман Толғанай Вагизовна қоғамдағы дін атын жамылып жүрген теріс бағыттағы ұйымдарды мысалдар арқылы түсіндіріп, Ата заңымыздың негізгі міндеттерінің бірі –ол мемлекетіміздің азаматтарының заң аясында өмір сүруі және тәртіпке шақыру екендігін атап өтті. Әрине, бұл қоғам дертіне айналған келеңсіз оқиғалар тек бір ғана айтумен шешілмесі анық, дегенмен «көп түкірсе көл болар» дегендей айтылған пікірлер ой салғаны анық. Осы орайда Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бас иген ел құл болмайды» деген ғибратты сөзі әрдайым жүрегімізде жүрсе нұр үстіне нұр болар еді.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова