Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өршуіне жол бермеу.
Бұл мәселе қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр. Бүгіндей өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Осы мақсатта жасөсріоімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында 17.10.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Қ.Х.Мажитов, әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова және колледж инспекторы Н.А.Қадыровтың ұйымдастыруымен 1 курс ер балаларына «Жасөспірім және қоғам» атты кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Кездесу барысында колледж инспекторы Нұрбек Аманжолұлы жасөспірімдердің арасында нашақорлықтың, темекі шегудің және зиянды заттардың зардабы салдарынан қылмыс түрінің өршу себебі мен оның алдын-алу жолдары туралы түсіндіріп өтті. Өз кезегінде студенттер тақырыпқа байланысты көкейкесті сұрақтарымен бөлісті.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова