Бүгін колледж медбикесі А. Джумагалиевамен «Тазалық саулық негізі» тақырыбында студенттер үйінің қыздарымен кездесу ұйымдастырылды.
Мақсаты:Адамның денсаулығы-қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығыныңмықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңқі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Сонымен қатар жеке бас гигиенасы, оны қадағалау тәртібі туралы сөз қозғалды. Жеке бас гигенасы дегеніміз-ол күнделікті денсаулықты сақтап, оны нығайтуға бағытталған шаралар. Бұл-тән күтімі,ауыз қуысын, тісті тазалау, үй ішінде тазалық сақтау. Гигиена-аурудың алдын алуға және денсаулық сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға бағытталған шараларды белгілейді.