ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылды Қазақстандағы «Еріктілер жылы» деп жариялады. Президент өз сөзінде: «Қазақстан – жастардың мемлекеті. Бізді әлемнің әр мемлекеті таниды, бізбен санасады. Бұл елдің тарихи жетістіктерінің бірі емес пе!?» Еріктілер-жаны таза адамдар. Олар – елдің шынайы патриоты, сол үшін де құрметім шексіз. Белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз мемлекеттің дамуына айтарлықтай септігін тигізетіне сөзсіз. ҚР ПРезиденті ретінде мен әрқашан волонтерлардың қозғалысын қолдайтынымызды жеткіземін» - деп еріктілік қызметке баса назар аудартты.
Осы мақсатта 03.10.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстың мамандарымен бірлесе отырып, 1-2 курс студенттеріне жастардың өз белсенділігі мен өмірдегі тәжірибелік, маңызды дағдыларды дамытып, еріктілік бағытты дамыту мақсатында түсіндірме жұмысын жүргізді. Шара барысында ресурстық орталықтың маманы М.Хайырұлы ашық әңгіме алаңын құра отырып, орталықтың жұмысы, жастар саясаты аясында жүргізілетін жұмыстар, аталмыш бағыттағы мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндіре отырып, студенттердің қызықтырған сұрақтарына жауап берді.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова