Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Қамкөңіл жандарға халқымыз көмек көрсетіп, қайырымдылық жасауды, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, қолдан келген жәрдемін ұсынып, қарттарды аялауды, мүгедектерді қолдап-қорғауды әрбір адамзат баласының адамгершілік борышы деп есептейді.
Адам өміріндегі игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау. Осы мақсатта 1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым асыл қазынам» атты акция барысында 02.10.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің әлеуметтік педагогы А.К.Мухсинова және колледждің «Ынтымақ» волонтерлар клубының белсенді жастары Орал қаласының тұрғыны, Теректинская16 мекенжайында тұратын «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының» қызмет алушысы Б.Д.Кулкаеваға көмек қолын созып, үй шаруасына көмектесті. Жақсылыққа жаны құштар белсенді студенттер ауланың ішін арамшөптермен қоқыс қалдықтарынан тазалап, әжейдің алғысына бөленді. Осынау белсенді жастардан бастау алған игі шара алдағы уақытта да жалғасын табатынындығына сенімдіміз.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова