02.09.2019 күні колледж акт залында жалпыреспубликалық бірыңғай «Адалдық сағаты» өткізілді. Адалдық сағатына БҚО сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаментінің аға офицері Ихсанғалиев Нұржан Мержанұлы қатысып ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы дайындаған слайдымен таныстырды. Кездесу барысында арнайы қонақ тарапынан білім алушыларға әрдайым адал, парасатты, әділ болуға шақырды және қазақ халқының әр заманда өмір сүрген ойшылдары мен ғұламаларының адалдық, адамгершіліқ, кішіпейілділік жөніндегі сөздеріне мысал келтірді.
Колледж директоры Бахишева Светлана Меңдіғалиқызы колледж студенттеріне колледж тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатырған жұмыстар жөнінде атай келе 2018-2019 оқу жылынан бері жүзеге асырылып келе жатырған «Академиялық адалдық саясаты» негізгі бағыттары мен мақсаты жөнінде түсіндіріп өтті. Сонымен колледж студенттерін сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем жол бермеуге және онымен бірігіп күресуге шақырды.