«Жасөспірім және қоғам» тақырыбы бүгінгі таңда маңызды тақырыпқа айналды, себебі өкінішке орай кейбір жасөспірімдер құқықбұзушылықтың арты неге әкеліп соғатынына аса мән бере қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын көрінеді.
Яғни, жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың алдын-алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 02.09.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 1аМК-9 тобына әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова «Құқық бұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Тәрбие шара барысында студенттерге колледждің ішкі тәртіп ережелері, зиянды әдеттердің алдын-алу, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың салдары мен олармен жүргізілетін профилактикалық жұмыстар туралы кеңінен түсіндіріліп, өз кезегінде студенттер тақырыпқа байланысты көкейкесті сұрақтарымен бөлісті.
Әлеуметтік педагог А.Мухсинова