08.08.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде мемлекеттік тапсырыс негізінде 9-11 сыныптардың 1 легіне кешенді емтихан жүргізілуде. Талапкерлерге әр мамандық бойынша емтихан қабылдаушылар емтиханның өту барысы туралы түсіндіріп болған соң, сынақ кітапшасы мен парақшалары үлестіріліп берілді. 9 сынып талапкерлеріне 2 пән бойынша 90 минут (1 сағат 30 минут), 11 сынып бойынша 3 пән бойынша 130 минут (2 сағат 15 минут) уақыт беріледі.
17.00-18.00 аралығында кешенді емтихан қорытындысы колледж ауласына және сайтқа шығарылады. Талапкерлерге емтиханды ойдағыдай тапсыруына сәттілік тілейміз!