09.08.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 9-11 сыныптарға ақылы негізде талапкерлердің 1 легіне кешенді емтихан жүргізілді. Талапкерлерге әр мамандық бойынша емтихан қабылдаушылар емтиханның өту барысы туралы түсіндіріп болған соң, сынақ кітапшалары мен парақшалары үлестіріліп берілді. Кешенді емтихан барлық талаптарға сай өткізіліп, қадағаланды. Емтиханның қорытынды нәтижелерін www.pedcollege.kz сайтынан немесе фейсбук желісінен көруге болады.