16-17.05.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Жаратылыстану» кафедрасының оқытушысы Б.С.Каримов Теректі ауданының жалпы білім беретін қазақ-орыс орта мектептерінде 9-11 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында мектеп оқушыларын мамандықтарға қызықтыру бағытында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждің тарихы, білім саласындағы алар орны мен жетістіктері, әлеуметтік, мәдени, қоғамдық шараларды тиімді ұйымдастыру бағытындағы қалалық, облыстық, республикалық сайыстардағы мақтаныштарымызды дәріпиеп, игі істері жөнінде әңгіме жүргізілді.
Әр түрлі мамандықтар бойынша түсіндірме жұмысы бойынша студенттердің көкейкесті сұрақтарына жауап берілді.таныстырылды. Сонымен қатар колледждің осы заманға сай материалдық-техникалық тұрғыда сонымен қатар студенттердің заманауи талап тілектерін қанағаттандыру тұрғысында әлеуметтік, демалыстарын тиімді өткізу, әр түрлі қалалық,облыстық, қоғамдық шараларға қатыстырудағы өзгеге үлгі боларлық игі істері туралы да әңгіме өткізілді.Әр түрлі мамандықтар туралы олардың түсіндерме жұмысы бойынша сұрақтарына жауаптар берілді.
Сондай-ақ осы жылы 9-11 сынып түлектеріне бөлініп отырған «Мектепке дейінгі тәрбие», «Шет тілі», «Өзін-өзі тану», «Математика», «Музыкалық білім беру» мемлекеттік тапсырыс мамандықтарына болса, ақылы оқу түрі бойынша «Дене тәрбиесі,спорт», «Туризм» т.т. мамандықтарға ерекше қызығушылық білдірді. Ауданның 13 мектебі қамтылып 9 сыныптарда-290; 10 сыныпта-56; ал 11 сыныптар бойынша-218 түлек қамтылды. Барлығы-564 оқушы. Атап айтқанда төмендегі мамандықтар бойынша: «Музыкалық білім беру»-10 түлек; «Өзін-өзі тану»-16; «Мектепке дейінгі тәрбие»-21; «Шет тілі»-5; «Бастауыш білім беру»-5; «Дене тәрбиесі,спорт»-12; «Туризм»-9; «Көркем еңбек»-2; «Орыс тілі әдебиеті»-4; «Қазақ тілі әдебиеті»-1
Жаратылыстану пәнінің оқытушысы А.К.Мухсинова