Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты жолдауында 2019 жылды Жастар жылы» деп жариялануына орай Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінде жоспарға сәйкес онкүндік аясында әлеуметтік педагог А.Мухсинова және жастар ісі комитетінің жетекшісі А.Махамбетованың ұйымдастыруымен «Мәңгілік елдің шымыр жастары» атты хоккейден 1асКШФТ-9, 1асКШФ-9 топтары арасында спорттық шара оздырылды.
Спорттық шараның негізгі мақсаты - студенттердің арасында салауатты өмір салтын насихаттау, шапшаңдыққа, ептілікке баулу. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі І орынға үздік нәтижемен 1асКШФТ-9 тобы жеңіске жетіп, жеңіспаздарға мадақтама табыс етілді.
Жастар ісі комитетінің жетекшісі А.Махамбетова