Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің бітіруші түлектерінің арасында «КӘСІБИ БІЛІКТІ МАМАН-2019» атты байқауы ұйымдастырылды.Байқаудың мақсаты:Бітіруші түлектеріміздің арасында өз кәсібінің білгірі, қазірі білім беру жүйесінің жаңартылған бағдарламасын жетік меңгерген, болашақ педагогты анықтау; Байқау төмендегідей кезеңдер бойынша өтті.
1. «Мен-таңдаған мамандық» таныстыру
2. Педагогикалық идеялар аукционы
3. «Білім- сенің болашағың» онлайн тест
4. Шешендік өнер шеберлігі
1 бөлім «Мен таңдаған мамандық» таныстыру кезеңіндеқатысушы өз мамандығының ерекшелігі, өзінің кәсіби жетістіктері, өзі туралы электронды түрде тапсырылған жұмыстар instagram әлеуметтік желіcінде жарияланып, онлайн дауыс жиналды.
2 бөлім Педагогикалық идея аукционында қатысушы жаңартылған білім беру мазмұнының жағдайындағы оқыту мен тәрбие үдерісінде жалпыадамзаттық мәңгілік құндылықтарға және Тәрбиенің тұжырымдамасына негізделген педагогикалық идеяларын ұсынады.
3 бөлім «Білім- сенің болашағың» онлайн тест кезеңінде қатысушылардың педагогика, психология пәндері бойынша теориялық білімдері анықталды. Қатысушы өз ұялы телефонымен Kahoot бағдарламасында тест белгіледі.
4 бөлім Шешендік өнер шеберлігі бойыншақатысушыларымыздың тіл шеберлігі анықталды.
Байқаудың қорытындысын Түлектер Ассоциациясының төрағасы Хамза Жандос Жанұзақұлы хабарлады. Түлектерге өзінің ақжарды тілектерін айтып, Ғарифола Есімнің «Жұлдызды Жұмекен» атты әдеби шығармасын сыйға тартты. Байқаудың қорытындысын бойынша Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығының студенті Орынова Елнұр «Бас жүлде», Бастауыш білім беру мамандығының студенті Дайынова Жанат- 1 орын, Шетел тілі мұғалімі мамандығының студенті Орынов Темирхан, Математика мұғалімі мамандығының студенті Муслим Жансая- 2 орынды иеленсе, Бастауыш білім беру мамандығының студенті Истлеуова Аксауле, Музыкалық білім беру мамандығының студенті Әлібекова Ерасыл, Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығының студенті Нығметжан Зейнұр – 3 орынды иеленді.