2024 жылдың 27 қараша күні практика бөлімнің жоспарына сай «Тәжірибелі әдіскерлер мектебі» жұмысының аясында, базалық Х.Доспанова атындағы №30 ЖОББ мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімдері, колледжіміздің «Технология» мамандығының түлектері Абуова Алтынай Максутовқызы, Каменов Тлектес Нурсапиұлы және Асылбекова Айнаш Ізбасарқызы өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сағаттарын өткізді. Шараға колледж оқытушылары, «Көркем еңбек» және «Бастауыш білім беру» мамандықтарының студенттері қатынасты.
Алғы сөз алған колледж директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары М.С.Мұқашев шараның мақсат, міндеттерімен таныстырып, Х.Доспанова атындағы №30 ЖОББ мектеп бірнеше жылдар бойы колледжбен әлеуметтік жұмысы аясында болашақ мамандардың териялық білімін практикамен үштастырып, кәсіби қалыптасуына өз үлестерін қосып келгендеіктерін айтты.
Алтынай Максутовқызы мен Айнаш Ізбасарқызы «Тақия басу әдісі» әдістемелік шеберлік сағатында ұлттық қолөнердегі жүннен тұрмыстық бұйымдар дайындау әдіс- тәсілдерін және оның адам денсаулығына пайдалылығы жөнінде баяндап, боялған жүннен киіз басу технологиясы арқылы заманауй нақыштағы тақия дайындау үдерісін көрсетті.
Тілектес Нұрсапиұлы «Қамшыны қалай дұрыс ұстау және оның қолданылу тәсілдері, өрімдері» тақырыбында студенттерге қазақ халқы дүниетанымындағы қамшының алатын орны, түрлері, қасиеті, қолдану жолдары, туралы дәріс беріп, 4, 6, 8 өрім қамшыны өру техналогиясын үйретті.
Таза табиғи өнімдерден қолөнер бұйымдарын жасау студенттердің қызығушылығын арттырып, шығармашылығын шыңдады, ұлттық құндылықтармен танысты. Шеберлік сағат қортындыланып, әдіскерлер алғыс хаттармен марапатталды.