18 қараша күні “ Біртұтас тәрбие бағдарламасының” “Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында шетел тілі кафедрасы оқытушылары А.Е. Давлетова және А.Н. Айдынғалиева ұйымдастыруымен
1-2 курс студенттері арасында “Тапқыр болсаң, озып көр!” интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: студенттердің патриоттық сезімін оятып, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру және сыни ойлау дағдыларын дамыту .Ойын барысында Қазақтың ұлттық құндылықтары, дәстүрлері, фильмдері мен өлеңдері бойынша сұрақтар қойылды. Шара соңында шетел тілі кафедрасының меңгерушісі Н.С.Дербіс топтардың ортақ ұпайын есептеп, тиісті орындармен марапаттады.