Нашақорлық – қоғам дерті Нашақорлық – бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі. Бұл зиянды әдеттің жастар арасында таралуы қоғамның дамуына айтарлықтай кері әсерін тигізуде.
Осындай күрделі мәселелерді талқылау мақсатында Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде студенттермен кездесу өтті. Кездесуде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері мен қоғам белсенділері нашақорлықтың алдын алу, оның зияны мен салдары туралы жан-жақты ақпарат берді. Мамандар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден бас тартуға шақырып, бос уақытты тиімді өткізу жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, қатысушыларға нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық материалдар таратылды.