Хайруллина Алия Бақытқызы - Қараөзен мектеп-лицейінің физика және математика пәнінің мұғалімі болып 1990 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Педагог-зерттеуші санатындағы физика-математика пәні мұғалімі. Оқушылары халықаралық, республикалық, облыстық олимпиада, сайыстарда үздік танылып, жүлделі орындардың иегерлері. Ұстаздық еткен жылдарында мұғалім әдістемесімен облыстық, республикалық ғылыми – әдістемелік баспа беттерінде тәжірибесімен бөлісіп отырады.
2018 жылы облыс көлемінде «Физика пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындаудағы күрделілігі жоғары тапсырмаларды шешу жолдары» атты іс – тәжірибесі (БҚО оқу-әдістемелік кабинеті бекіткен, 7 ақпан 2018 жыл №1 хаттама) тарады.Ұстаз «Үздік педагог» республикалық байқауының аудандық кезеңінің жеңімпазы 2016 жыл, Облыстық «Сабақтың үздік контенті» байқауының жүлдегері 2019 жыл, Аудандық физика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы ІІ орын 2021 жыл, аудан әкімінің «Алғыс хаты»-2021ж, 2022 ж. Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы» 2021ж. ҚР «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы 2024ж
Оқушыларының жетістіктері:
Ұстаздың үздіксіз шығармашылық еңбегінің нәтижесі - оқушыларының республикалық, облыстық, аудандық пән олимпиадалары мен сайыстардағы жетістіктері және грант иегерлері.
Мұғалімнің үздіксіз еңбегінің арқасында грант иегері атанып, жоғарғы оқу орнына түскен шәкірттері жетерлік. Атап көрсететін болсақ: Зинуллина Н ТИО республикалық байқау І орын 2019 жыл, Нагимова Г Апельсин-2017 жыл ІІІ орын Облыстық байқау, Жасталапова.Ж К.Жұбанов атындағы университеті Ақтөбе қаласы, Қанатқали. Г Гумилев атындағы университет математиа факультеті Астана қаласы, Жұмабаев.Н Гумилев атындағы университеті физика факультеті Астана қаласы, Рахимов.А Алматы қаласы, Зинуллина.Н Абай атындағы ұлттық университеті Алматы қаласы.
Аудандық пән олимпиадасында Рахимов А-ІІ орын, Мухамбеткалиева Б-ІІ орын, Нагимова Г-ІІ орын олимпиада-2018 ж, Аудандық пән олимпиадасы -2020-2021 жж Мухамбеткалиева-ІІ орын, Жұмабеков Д-ІІІ орын, Ерболатов А-ІІ орын. Облыстық «Апельсин-2020» А.Ерболатовты «Үздік-теоретик» турының ІІ орын «Үздік физик-эрудит турының белсенді қатысқаны ұшін Алғыс хатына ие болды. Республикалық «Әл-Фараби» олимпиадасы -2020ж Жұмабеков Д 2-орын. 2019 ж «Мен математика жұлдызымын» республикалық сайысынана Ерболатов А, Жұмабеков Д - ІІІ орын, Бекежанқызы С, Салауатова С, Мереева А, Қази Д, Әлібекқызы Ж, Жүсіп М- ІІ орын иеленді. Ерболатов А Республикалық «Ақ бота»-2020ж ІІ орын, Шайдоллаева А Республикалық «Ақбота» І орын, 2022ж Набилов А «Алтын сақа» облыстық кезеңінде көрсеткен ерекше жетістігі үшін марапатталса, 2023 ж облыстық кіші олимпиада-ІІІ орын алғаны үшін марапатталды. 2021ж Махсутова С «Ғылым әлемін ашамын» ғылыми жоба сайысынан– ауданнан І орын иеленіп, облыстық кезеңнен –ІІ орынға иеленді. 2022ж аудандық олимпиададан физика пәні бойынша Салауатов А -ІІ орын, Махсоутова С -ІІ орын иеленді.2023 ж Республикалық «Болашақ» зияткерлік байқауы Набилоа А-ІІ орын, Еркінғали М-ІІІ орын, Республикалық «Ақбота-2023» Қази Д-ІІ орын. Республикалық «Айқанат» олимпиадасы Мақсот Д физика пәні бойынша жүлдегер, 2023ж Республикалық «Кенгуру» математикалық зияткерлік конкурсы Елемес А ІІІ орын. 2024 оқу жылында Республикалық «Кенгуру» зияткерлік конкурс Ерсайынов С-ІІІ орын, Елемес А-ІІІ орын, Рахимова Айша ІІІ орын.
Хайруллина Алия аудан, облыс мұғалімдері жан-жақты білімді, тәжірибелі әдіскер ретінде біледі. Ол оқушыларының пәнге қызығушылығын арттырып, жаңа білімді дайын күйінде емес, іздене отырып, шығармашылықпен қабылдауына мән береді.
Алия Бақытқызының білімділігі мен байыптылығы, ұйымдастыра білу қабілеті мен талапшылдыққа қасиеттері көптеген ұстаздарға үлгі. Ол жаңалыққа құмар, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруге, оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, 3 деңгейлік оқыту тәсілдерін ұтымды пайдаланып, нәтижелі еңбек етіп жүрген ұстаз. уақытпен санаспайтын, өз ісімен өзгеге үлгі бола білетін, әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын мұғалім.