Бүгінгі еңселі егемендігіміздің, тұғырлы тәуелсіздігіміздің, айбарлы азаттығымыздың айғағы, ұлттық мерекеміз Республика күні орай педагогика және психология кафедрасы «Бастауыш білім беру» мамандығының 1-2 курс студенттері арасында «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында quiz ұйымдастырылды.
Шараның алғашқы бөлімінде студенттерге ұлттық мерекенің тарихы туралы бейнеролик көрсетіліп, «Тәуелсіз қазақтың қызымын» әні шырқалып, қыздарымыз қазақ биін, «Жаса, Қазақстан» флешмобын биледі. Quiz-ге әр топтан қатысқан «Aru Alash», «Жалынды Жастар», «Дух родины», «Интеллектуалдар», «Атамекен», «Рух», «teenager’ы», «Бастауыш қырандары» командалары quiz-дің 5 кезеңі бойынша өз білімдерімен сынға түсті. 1-кезең: «Қазақ елі менің - Отаным»- командалар 12 сұрақ бойынша жауап берді, 2-кезеңде Қазақстанның көрікті жерлерінің суреттер арқылы тапты, 3- кезең: Блиц турнир- әр команда лидерлеріне бақ сынасты, 4-кезең: Мемлекет типтері- командаларға 10 сұрақ жасырылды, 5-кезең: Бәс- командалар жинаған 4 кезеңдегі ұпайларын бәске тігіп туған жеріміз, еліміз туралы білімдерін орта салды. Нәтижесінде бас жүлде- 1аКШО-11 тобы, 1 орын- 2аКШО-9 тобы, 2 орын- 2аРШО-9 тобы, 3 орын- 2аКШО-11 тобы, «Нағыз өлкетанушылар», «Уақыт сақшылары», «Интуиция чемпиондары», «Ең үздік командалық жұмыс», «Ең көңілді команда» номинациялар және сыйлықтармен марапатталды.