Бүгін 24-ші қазан, 1п КШО-11 тобында “Республикам менің” атты топтық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Тәрбие сағаттың мақсаты: Студенттердің өз Отанын сүйюге, Қазақстанда тұратынына мақтаныш етуге, халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да,парасатты азаматтар тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында студенттердің өз шығармаларынан өлең жолдарын арнады. Республикамыз туралы сұрақтар қойылды. “Микрофон” әдісімен өз ойларын толық жеткізді. Топтық тапсырмалар орындалды. “Алға, Қазақстан” әнімен тәрбие сағатын аяқтады.
Топ кураторы: Бауыржанова Г.С.