Қазанның 14 жұлдызында, 1 п КШИ 11 тобында «Тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында тұрмыстық зорлық- зомбылық мәселесіне назар аударылды. Тәрбие сағатының басты мақсаты – оқушыларға тұрмыстық зорлық- зомбылықтың түрлерін, себептерін және оның зиянды әсерлерін түсіндіру.
Тәрбие сағатының басында оқушыларға тұрмыстық зорлық- зомбылықтың анықтамасы берілді. Одан кейін, топтық талқылау жүргізілді, мұнда оқушылар тұрмыстық зорлық- зомбылықтың белгілері мен себептері туралы өз ойларын ортаға салды.
Сабақ барысында арнайы видеоматериал көрсетілді, онда тұрмыстық зорлықтың зардаптары мен алдын алу жолдары туралы айтылды. Студенттер видеоны қарап, кейін оған байланысты пікірлерін білдірді.
Соңында, студенттер тұрмыстық зорлық- зомбылықпен күресу жолдары туралы ой бөлісті. Студенттерге психологтарға және арнайы ұйымдарға жүгінудің маңыздылығын түсіндіріліп, ақпараттық парақшалар таратылды.
Топ кураторы А.Б.Сатыбалдиева