Республика күні - бұл еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның бірінші құқықтық құжаты - Республиканың егемендігі туралы декларацияны қабылдап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізін жариялады.
Осы атаулы күнге орай Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж кітапханасы “Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!” атты кітап көрмесіне шолуды 2аКШИ-9 тобымен өткізді. Шара барысында викториналық сұрақтар қойылып, ән айтылды.
Отанымыз - Қазақстан Республикасына өркендеу мен амандық тілейміз!