«Сабақ үрдісінде бағалау нәтижесіне жету жолындағы ақпараттық-әдістемелік қолдау» жобасы аясында колледжіміздің ашық сабақ беретін оқытушыларына
және жас әріптестерімізге «Жасанды интеллект білім беру саласында: заманауи шешімдер» Білім беру процесінде ЖИ қолданудың артықшылықтары мен қиындықтары, оқыту құралдары мен әдістері тақырыбына семинар-практикум өткізді.
Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Ақан Мәлікұлы "Білім беру саласында жасанды интеллектіні қолдану" тақырыбында;
Ағылшын тілі кафедрасының оқытушысы Әдемі Ерсайынқызы, "Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған жасанды интеллект құралдары" тақырыбында;
Ақпараттық-әдістемелік бөлімінің цифрлық педагогі: Жарқынай Сапарбайқызы, "Білім беру процесіндегі жасанды интеллект қолданудың оқыту құралдары" тақырыбында өз тәжірбиелерімен бөлісті