3 маусым күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті хатының негізінде «Жер 2024» Республикалық штабтық жаттығулар шеңберінде сейсмикалық жаттығулар өткізілді. Сейсмикалық жаттығуды өткізу туралы колледждің азаматтық қорғану бастығы А.Ж.Кайрлиеваның бұйрығы беріліп, сейсмикалық жаттығуларды өткізудің күнтізбелік және өткізу жоспарлары жасақталып, жауапты адамдар тағайындалды.
Мақсаты:
1) Төтенше жағдай кезінде мұғалімдер, қызметкерлер, студенттер және азаматтық қорғаныс құрамаларының біріккен іс- әркеттерін жетілдіру.
2) Төтенше жағдай кезінде адам өмірін қорғау тәсілдері мен қорғау жолдары шындау.
3) Экстремальды жағдайда студенттерді дұрыс іс-әрекетеке үйрету.
4) Студенттердің жеке қорғаныш құралдарын қолдана білу білімдерін тексеру және жетілдіру.
5) Құтқару және алғашқы медициналық көмек көрсету топтарының жұмыстарын жетілдіру.
3 маусым күні сағат 14:00-де, сабақтың аяқталуына 10-15 минут қалғанда «Барлықтарының назарларыңа!» деген белгі бойынша (3 ұзақ қоңырау) берілгеннен кейін оқытушылар, қызметкерлер, студенттер ұйымдастырылған түрде 300 адам жаттығуға қатысты. Сыртта жеке құрам сапқа тұрғызылып, әскери жетекші азаматтық қорғау бастығына сейсмикалық жеке құрамның оқу жаттығу іс-шарасына даяр екені туралы баяндады. Азаматтық қорғау бастығы қысқаша сөз сөйлеп, құрамалардың дайындығына, шараның мақсатына тоқталды.