31.05.2024ж. Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Бастауышқа – Бастамамен» жобасы бойынша оқыту семинары өтті. Семинар мақсаты: Педагогикалық колледж бен облыстық білім беру орталығы, қалалық, аудандық әдістемелік кабинеттермен бірлесіп жүргізген «Әдістемелік десант» жұмыстарын қорытындылау.
Семинар 3 бөлімді қамтыды:
І бөлім «БАСТАУЫШҚА – БАСТАМАМЕН» жобасын жылдық қорытындылау;
ІІ бөлім «ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ» (Топтық айналым);
ІІІ бөлім «ШЕБЕРЛІК СЫНЫП» (Топтық айналым).
Семинарға Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі ұжымы,аудандық бастауыш мектеп білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, алғы сөзді Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығының директоры Кубашева Гүлмира Камалқызы, Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж директоры Кайрлиева Алтынгул Жаксыгуловна сөйлеп, сәттілік тіледі.
1 бөлімде Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығының бастауыш сынып әдіскері Жакина Жулдыз Бауыржанқызы, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж директорының ӘЖЖ орынбасары Есенова Ляззат Сайкомовна «БАСТАУЫШҚА - БАСТАМАМЕН» облыстық жобасы: Тәжірибе.Әдістеме.Нәтиже.» тақырыбында осы уақытқа дейін жүргізілген жоба жұмыстарын талдады.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері», «Құрмет орденінің иегері», «Білім беру ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Қазақстанның педагогика ғылымдарының Академиясының академигі, Ақпараттандыру Халықаралық Академиясының академигі, Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, ұзақ жылдар бойы Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі директоры болған, Орал қаласының құрметті азаматы - Шалқыма Хайруллақызы Құрманалина семинарға қонақ ретінде қатысып, шағын жинақталған мектеп жағдайында жұмыстанудың жолдарына, өзі еңбек жылдардағы ШШМ барысы, ол жөнінде жасалған жұмыстар, жазылған оқулықтар мен еңбектерге тоқталды. Сөз соңында жоба жұмысының барысына сәттілік тілеп, өз тәжірибесінің жоба ретінде жүзеге асып жатырғандығына ризашылығын білдірді.
2 бөлімде Бәйтерек ауданы Жаңатаң бастауыш мектебі Қаражар бастауыш мектебі бастауыш сынып мұғалімдері Какимова Назерке Жуматқызы, Успанова Гулнур Жасланқызы «Оқу тәжірибе алаңы», Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің математика кафедрасы оқытушысы Джумагазиева Асель Каримовна «ШЖМ жағдайындағы пәндік ерекшеліктері», Ақжайық ауданы Тоған бастауыш мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Ергалиева Меңдігүл Хайруллиевна «Бастауыш сыныптағы қысқа мерзімді жоспар құрудың алгоритмі», Казталов ауданы Қаракөл бастауыш мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Кушкинбаева Балжан Сейфуллиевна «Жылдам оқу» техникасы арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу техникасын дамыту» тақырыптарында тәжірибе алаңын өткізді.
3 бөлімде Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің жаратылыстану кафедрасы оқытушысы Зайнуллина Анаргул Талгатовна «Жаратылыстану пәнінен оқу мақсатының айқындылығы, сабақтың алғышарты», Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің математика кафедрасы оқытушылары Утегенова Айнур Туреахметовна, Сапахова Гулбаршын Мутиголлавна «Математика пәнінің оқу мақсатына белсенді тәсілдермен қол жеткізу», Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің қазақ тілі кафедрасы оқытушылары Темрешева Алтынай Жауырбековна, Койшекенова Алтынгул Турсынгалиевна «Қазақ тілінен сабақтың смарт мақсатына сәйкес Блум таксономиясына негізделген тапсырмалар құрастыру» тақырыптарында шеберлік сыныптарын ұйымдастырды.
Семинар қорытындыланып, мақсатына жетті. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз.