Ашық есік күні аясында әке тәрбиесіне маңыз беруде «Әке тәрбиесін әлсіретпейік!» тақырыбында оқытушы Ж.Хамза ұйымдастырған пікірталастың ашық алаңы ұйымдастырылды.
Шараға әкелермен қатар музыкалық білім беру бөлімінің ата-аналары балаларымен қатысып, бірге өнерлерін көрсетті.
Пікірталас барысында қазақы ұғымда әкенің орны бір саты жоғары тұратындығы, әке тағлымы тек ұлға ғана емес, қыз бала тәрбиесінде де аса маңызды екендігі, әкесіне еркелеп, сырласып өскен қыз бала болашақта да ер адаммен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығы туралы жақсы айтылды. Ата-ана, белгілі әнші К.Қ.Қуанышқалиева: «Әкелер бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөлсе, олардың сөзі аналарға қарағанда өтімді болады» деп өз пікірімен бөлісті. К.Қуатқызы колледж ұжымына өз ризашылығын білдіре отырып, өз шығармашылығындағы «Әке-ана» әнін ұлы Мейрамбекпен бірге орындады.
Шара студенттердің орындауындағы «Менің Әкем-жақсы адам» әнімен қорытындыланды.