22 мамыр күні бітіруші түлектердің арасында «Кәсіби жас маман-2024» байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты: түлектердің кәсіби құзыреттілік деңгейін байқау, дарынды және шығармашыл түлектерді анықтау, оларды қолдау және марапаттау, ғылыми-әдістемелік жұмысқа бағыттау, педагогикалық шығармашылық қызметті насихаттау, еңбек нарығында бәсекеге кабілеттілігін арттыру және өзін-өзі жарнамалау дағдыларын қалыптастыру болды.
Байқауға соңғы курстың 8 студенті қатысып, өздерінің кәсіби және шығармашылық құзыреттіліктерін сынға салды. Байқау бағдарламасы «Мамандығым мақтанышым», «Оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық технологияларды қолдану», «Шығармашылық негізі-өнер» турларынан тұрды.
3-орынмен «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» Сансызбаева Светлана, «Көркем еңбек мұғалімі» біліктілігі бойынша Жумагазиева Гүлзира, «Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» біліктілігі бойынша Какимжанова Аякөз «Шығармашыл», «Шет тілі мұғалімі» біліктілігі бойынша Измайлова Виктория «Ерекше» номинацияларымен марапатталды.