21.05.2024 жылы 17.00-де ағылшын тілі кафедрасының ұйымдастыруымен TEDx форматында ата-аналар жиналысы өткізілді.Жиналысқа «Шетел тілі мұғалімі» мамандығының 1,2,3,4 курс студенттерінің ата-аналары қатысты. TEDx сөйлеуге 37 ата-ана қатысты.
TEDx сөйлеу мақсаты:
-Ата-аналардың білім беру процесіне белсенді қатысуының маңыздылығы және олардың студенттердің жетістігіндегі рөлі туралы ақпарат беру
-Студенттердің оқуы мен дамуын қолдау үшін ата-аналар мен колледж арасындағы тиімді өзара әрекеттесу әдістерін талқылау болды.
Студент- Ата-ана-Колледж үшбұрышы, анкета қорытындысы талданды. «5 қате» тақырыбында тренинг ұйымдастырылып, ата-аналар өздерінің тәрбие үдерісіндегі қиындықтарына рефлексия жасады. TEDx сөйлеуде ата-ана мен колледж арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін ұсыныстар жасалып, талданды.