2024 жылдың 21 мамыр күні колледж студенттерінің ата-аналарына «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Шара барысында «Педагогика және психология» кафедрасы “Ата-ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы” тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді.
1аКШО-11, 2аКШО-11, 2пКШО-11, 2 а,с РШО-9, 3аКШО-9, 3аКШО-11, 4асКШО-9 топтарынан 22 ата-ана қатысты.
Шараның мақсаты: Ата-ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы, баланың бағыт-бағдар алатын шамшырағы екенін түсіндіру. Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру. Ата-аналармен бірлесіп отбасылық тәрбиенің негізгі ережелерін талқылау, бала тәрбиесінде ата-аналардың рөлін көрсету, балалармен ортақ тіл табысуға үйрету, ата-аналарды педагогикалық- психологиялық тұрғыда ақпараттандыру.
Жиналыс барысында «Бала мінезінің қалыптасуына әсер ететін факторлар» топтық жұмысы, жағдаяттарды шешу, қимыл -қозғалыс арқылы ойындар жүргізілді. Рефлексия кезеңінде мақал -мәтелдер арқылы ата- аналармен кері байланыс жасалды. Шара өз мақсатына жетті. Ата-аналар өз алғысын білдіріп, белсенділігін көрсетті. Жиналысты оқытушылар Даулетова В.А. мен Серікқызы Ж. жүргізді.